Адалдық
Өтірік айтпау, қатесін жасырмау, өзгенің еңбегін иемденбеу.
Біздің басты қағидамыз
«Білімді адамды табуға болады. Ал сенімді, адал және бірге өсетін команда құру — әлдеқайда құнды».
Бұл — лабораторияға қосылғысы келетін әр студент үшін ортақ талаптар. Біз тек техникалық қабілетті емес, адамның мінезін, сенімділігін және командаға деген көзқарасын да бағалаймыз.
Өтірік айтпау, қатесін жасырмау, өзгенің еңбегін иемденбеу.
Берген уәдесін орындау, сөзі мен ісінің бір болуы.
Тапсырылған жұмысты уақытында әрі сапалы орындау.
Бір-біріне жанашырлық таныту, қиын кезде көмектесу.
Жеке жетістігімен қатар команданың жетістігін ойлау.
Сеніп тапсырылған міндет пен ақпаратқа жауапкершілікпен қарау.
Әр адамның пікірін, уақытын, еңбегін және шекарасын сыйлау.
Өзгені менсінбеуден аулақ болу, білмегенін мойындау.
Уақытты бағалау, келісілген ережелерді ұстану.
Тек идея айтып қоймай, оны жүзеге асыру үшін еңбектену.
Күн сайын жаңа білім мен дағды игеруге талпыну.
Тек тапсырма күтпей, өз идеяларын және шешімдерін ұсыну.
ЖИ берген ақпаратты тексеру, мәселені терең талдау.
AI, бағдарламалау және инновацияларды үйренуге шынайы ынталы болу.
Тек мүмкіндік алуды емес, ортаға өз үлесін қосуды мақсат ету.
Техника мен технология өзгереді. Ал сенім, адалдық, жауапкершілік және бауырмалдық — мықты команданың тұрақты іргетасы.